• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы  № 137 

261 рет
көрсетілді

2016 жылғы 30 мамыр, Алматы қаласы Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар ету қағидаларын, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар ету қағидалары, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі бекітілсін. 2. «Қаржы ұйымдарының қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қаржы өнімдерін, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының өздерінің тұтынушыларына микрокредиттерді ұсынуы үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 203 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9899 тіркелген, 2014 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға; Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосуға жіберуді; 3) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін; 4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін. 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап бекітілген қаржы өнімдеріне қолданылады. Ұлттық Банк Төрағасы Д.АҚЫШЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі __________________ Д. Абаев 2016 жылғы 25 шілде «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ________________ Қ. Бишімбаев 2016 жылғы «___» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің м.а. ________________ М. Құсайынов 2016 жылғы 5 тамыз Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 137 қаулысымен бекітілді Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар ету қағидалары, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі 1. Осы Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар ету қағидалары, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін (бұдан әрі – уәкілетті орган) қаржы өнімдерінің бекітілуі туралы хабардар ету тәртібін және хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін белгілейді. 2. Қаржы ұйымы уәкілетті органды Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13852 тіркелген «Қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін бекітілуі туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 136 қаулысында көзделген қаржы өнімдерінің бекітілуі туралы хабардар етеді. 3. Қаржы ұйымы қаржы өнімін оны бекітуге уәкілетті қаржы ұйымының органы бекіткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға қаржы ұйымының қаржы өнімдерін бекітуі туралы хабарламаны (бұдан әрі – Хабарлама) жібереді. Хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі: 1) оны бекітуге уәкілетті қаржы ұйымының органы бекіткен қазақ және орыс тілдеріндегі қаржы өнімін ұсыну туралы шарттың (бұдан әрі – шарт) нысаны (қаржы ұйымының ішкі құжаттарында шарттардың нысандарын бекіту туралы талаптар болған кезде); 2) дауыс беру қорытындыларын көрсете отырып, қаржы ұйымы органдарының шартты бекіту туралы шешімінен үзінді-көшірме. 4. Қаржы ұйымдары Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, хабарламаны әрбір қаржы өнімі бойынша жеке-жеке ұсынады. 5. Қаржы өнімінің талаптарына, оның ішінде шартқа өзгерістер және (немесе) енгізілген жағдайда да Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, Хабарламаны жіберу талап етіледі, оған мынадай жағдайлар кірмейді: 1) шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіру; 2) Хабарламаның 6-тармағында көрсетілген қаржы өнімінің талаптарына әсер етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу. Хабарламаның 6-тармағында көзделген қаржы өнімінің талаптарына шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге әкеп соқпайтын өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде, қаржы ұйымы қаржы өнімінің талаптарына енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса берместен хабарлама жібереді. 6. Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттар қоса берілген хабарлама рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылады. 7. Қаржы ұйымы өтініш жасаған кезде уәкілетті орган оны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қаржы ұйымына рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен ол жіберген хабарлама туралы үзінді-көшірмені береді. Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар ету қағидаларына, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесіне қосымша Нысан Қаржы ұйымының қаржы өнімдерін бекітуі туралы хабарлама 1. Қаржы ұйымының атауы _______________________________________________________________________________________________ 2. Қаржы ұйымының орналасқан жері, телефондары ______________________________________________________________________________________________ 3. Уәкілетті органның операцияларды және қаржы нарығында қызметті жүргізуге лицензиясының нөмірі мен күні ______________________________________________________________________________________________ 4. Қаржы ұйымының бизнес-сәйкестендіру нөмірі___________________________________________________ 5. ____________________________________________________________________________________________ (қаржы өнімінің атауы) 6. қаржылық өнімнің шарттары: 1) жеке тұлғалардың қарыздары бойынша қарыздың мақсаты______________________________________________________________________________; қарыздың шекті мерзімдері:______________________________________________________________________; қарыздың шекті сомасы:_________________________________________________________________________; сыйақы мөлшерлемесінің түрі және оның шекті шамалары:___________________________________________; қарызды өтеу әдістері:__________________________________________________________________________; жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, қарыз беру және қарызға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге төлемдер тізбесі және олардың шекті мөлшерлері: ________________________________________________________________________________________________________________________; қарызды қамтамасыз етудің болуына қойылатын талаптар____________________________________________; оны бекітуге уәкілетті, қаржы ұйымының органы бекіткен қаржы өнімін беруді регламенттейтін қаржы ұйымының ішкі құжатының (ішкі құжаттарының) деректемелері:_______________________________________________________; 2) жеке тұлғалардың мерзімді салымдары бойынша: салым валютасы:_______________________________________________________________________________; салым сомасының шекті шамалары:_______________________________________________________________; салым мерзімінің шекті шамалары:________________________________________________________________; сыйақы есептеу және төлеу тәртібі:_______________________________________________________________; салымды толтыру және алу тәртібі:________________________________________________________________ оны бекітуге уәкілетті, қаржы ұйымының органы бекіткен қаржы өнімін беруді регламенттейтін қаржы ұйымының ішкі құжатының (ішкі құжаттарының) деректемелері:_______________________________________________________; 3) ерікті сақтандыру бойынша: сақтандыру объектісі:___________________________________________________________________________; сақтандыру сыйақыларының шекті мөлшерлері_____________________________________________________; франшизаның шекті мөлшерлері:_________________________________________________________________; оны бекітуге уәкілетті, қаржы ұйымының органы бекіткен қаржы өнімін беруді регламенттейтін қаржы ұйымының ішкі құжатының (ішкі құжаттарының) деректемелері:_______________________________________________________; 4) клиенттің тапсырмаларына сәйкес брокердің бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелерін жасауын болжайтын шарттың негізінде көрсетілетін брокерлік қызметтер бойынша, олар бойынша есеп айырысуды брокер клиентке қайтарымдылық және төлемділік (маржалық мәмілелер) талаптарында берілген ақшаны немесе бағалы қағаздарды пайдалана отырып жүргізеді: брокердің және (немесе) дилердің комиссиялары мен тарифтердің шекті мөлшерлері: _______________________________________________________________________________________________________________________; оны бекітуге уәкілетті, қаржы ұйымының органы бекіткен қаржы өнімін беруді регламенттейтін қаржы ұйымының ішкі құжатының (ішкі құжаттарының) деректемелері: ______________________________________________________; 7. Хабарламаға: ____________________________________________________________________ қоса беріледі (құжаттардың атауы мен парақтар саны көрсетіледі) 8. _____________________________________________________________осы хабарламамен қаржы өнімдерін (қаржы ұйымының атауы) бекітуге уәкілетті ________________________________________________________________________ бекіткен (қаржы ұйымы органының атауы) _____________________________________________________________ Қазақстан Республикасы заңнамасының (қаржы өнімінің атауы) талаптарына сәйкес келетінін растайды Қаржы ұйымының бірінші басшысы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам): ________________ ___________________________ ______________ (лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы) 20____ жылғы «_____» ______________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 9 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №14221 болып енгізілді.